logo

Шымкентте мың орындық аурухана салынады

Таңдаулы Шымкентте мың орындық аурухана салынады
  • Бөлім:  Экономика
  • Оқылды 46 рет

Алдағы уақытта Шымкентте мың орынға арналған ірі аурухана мен ауысымына 700 науқасты қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық салынбақ. 

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың осы жобаны қаржыландыратын жергілікті және шетелдік инвесторлармен өткізген кездесуінде мәлім болды.
Қала әкімдігінде өткен жиында қала басшысы аталған жоба ел Үкіметі тарапынан мақұлданған ірі жобалардың қатарында екендігін айрықша айтып, оны нәтижелі іске асыру үшін жергілікті әкімдік жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Бүгінде аталған жобаға қала аумағынан 150 гектар жер телімі бөлініп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілген аурухана мен консультациялық-диагностикалық орталықтың құрылыс жұмыстары тамыз айында басталмақ.
Жалпы құны 180 млн. АҚШ долларын құрайтын жобаның 15 пайызын жергілікті жеке кәсіпкер қаржыландырса, қалған 80 пайыздан астамын шетелдік инвесторлар көтермек.
6 корпустан тұратын жаңа медициналық кешенде хирургия, терапия, ана мен бала орталығы, патологоанатомиялық бюро, сот-медициналық сараптама бюросы, жедел медициналық, санитарлық-авиациялық көмек орталығы қала тұрғындарына жоғары деңгейде көмек көрсетеді деп күтілуде.