logo

Шымкентке жаңа 300 автобус жеткізілмек

Таңдаулы Шымкентке жаңа 300 автобус жеткізілмек

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың хабарлауынша қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында 2019 жылы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы мың дана жаңа автобус алу жоспарлануда.


Атап айтқанда, биылғы 1 шілдеге дейін Шымкентке 300 автобус жеткізілмек. Ал 700 автобусты ІІ жартыжылдықта әкеліп, қала ішілік маңызды бағыттарға шығару межеленуде екен. Жаңа қоғамдық көліктер қозғалыс жиілігі төмен, жолаушылардан жиі шағымдар түсетін бағыттарға шығарылмақ.
Бүгінде Шымкент қаласында қоғамдық жолаушылар тасымалдау саласында 80-нен астам бағыт бойынша мыңнан астам көлік құралдары (автобустар мен шағынавтобустар) жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Қала әкімдігінің бастамасымен қалаға жаңадан қосылған елді мекендер мен қала маңындағы және шаһар орталығы арасындағы байланысты бекемдеу және қала тұрғындарына лайықты жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңа әлеуметтік бағыттар ашылып, жолаушыларға қызмет көрсетуде. Жаңадан ашылған №55, 141, 146, 147, 149-бағыттардағы сыйымдылығы жоғары қоғамдық көліктер көпшіліктің көңілінен шығып келеді.