logo

Шымкенттің 90 пайыздан астамы газдандырылған.

Таңдаулы Шымкенттің 90 пайыздан астамы газдандырылған.

Бұл туралы Шымкент қаласы «Nur Otan» партиясы филиалында өткен жиында Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұлов хабарлады. 

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың өткен жылы жариялаған «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша ұйымдастырылған кеңес отырысына кеңес және партия мүшелері, салалық басқармалардың, қаржы институттарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған газбен қамту мәселесі бойынша қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысы үшінші мегаполистегі 1,1 миллионнан астам тұрғынның 92 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілгенін жеткізіп, қалған 8 пайызын газбен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. Осы мақсатта биыл 2 жобаның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Жалпы, Шымкент қаласында партия көшбасшысының 2015 жылғы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» сапалы орындау мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, бекітілген. Ал аталған құжаттағы межелі индикаторлардың дер кезінде орындалуы партия белсенділері тарапынан тұрақты бақылауға алынған.