logo

ОҚО-да "Үкілі үміт" мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауы және қылқалам, қолөнер шеберлері көрмесі өтті.

  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды: 273 рет

Оңтүстік Қазақстан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Астананың 20 жылдығы мен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалардың "Үкілі үміт" облыстық өнер байқауы және қылқалам, қолөнер шеберлерінің көрмесі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өтті. 

Толығырақ ...

Отырарлық жас ақынның "Тұманды жарған Ай" кітабының тұсаукесері мен шығармашылық кеші өтті.

  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды: 287 рет

Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру Отырар ауданындағы жас суретші, қолөнер шебері, ақын қазақтың  қайсар қызы атанып кеткен  Тұрсынай Қайратқызының «Тұманды жарған Ай» кітабының тұсаукесері мен «Мен бақытты екенмін» атты шығармашылық кеші өтті. 

Толығырақ ...

ОҚО-да өзбекстандық театр ұжымының күндері өтті.

  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды: 245 рет

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10-13 мамыр күндері аралығында Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылына орай Өзбек ұлттық академиялық драма театрының Оңтүстік Қазақстан облысында гастрольдік іссапары өтті. Аталған жыл аясында өңірімізге келген өзбекстандық өнер ұжымы үш күн бойы облыс жұртшылығына Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын ұсынып, зор қошеметке бөленді.

Толығырақ ...

ТҮРКІСТАНДА «ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРАЗДЫҢ ҚҰЙМА КЕРАМИКАСЫ» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ.

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды: 234 рет

Бүгін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ортағасырлық Тараздың құйма керамикасы» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу