logo

Items filtered by date: Дүйсенбі, 15 Сәуір 2019 - BLOGNEWS.KZ

2019 ЖЫЛЫ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ 6 МАМЫРДА БАСТАЛАДЫ

  • Бөлім:  Қоғам

Рамазан айы 6 мамыр, яғни дүйсенбі күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға сәйкес келіп отыр. 4 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр. Арапа 10 тамызға белгіленген. Сондай-ақ 9 қыркүйек — Ашура күні, 8-9 қарашада Жер бетіндегі барша мұсылман қауымы Мәуліт түні мерекесін тойлайды.

 

aikyn.kz

Толығырақ ...

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін 15 сәуірде Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1% пайыздық мөлшерлеме дәлізімен 9 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлеме де тиісінше 10 пайызға және 8 пайызға дейін төмендетілді. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев телевизиялық БАҚ үшін арналған брифингтің барысында айтып берді. Ол базалық мөлшерлеме - ақша-кредит саясатының негізгі құралы деп атап өтті. Ол орта мерзімді кезеңде инфляцияның нысаналы бағдарына жетуге мүмкіндік беретін деңгейде белгіленеді.

"Біздің бағалауымыз бойынша базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі инфляцияны 2019-2020 жылдарға белгіленген 4-6 пайыздық дәліз шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Ерболат Досаев. Ол базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар факторға негізделеді деп қосты. Олардың ішінде ағымдағы жылы инфляцияның төмендеуі бойынша деректер, халықтың оның болашақ серпініне қатысты күтулері, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы бойынша күтулер, сондай-ақ сыртқы шикізат нарықтарындағы қолайлы үрдістер.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы ағымдағы инфляциялық ая қалыпты деп бағаланады деп айтты. Ағымдағы жылғы наурызда жылдық инфляция 4,8 пайыз болды. "Инфляцияның құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы ағымдағы жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 6,0 пайызға жетіп, бір жарым жыл ішінде жылдық серпіні біртіндеп баяулағанын көрсетті", - деді Досаев. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы атап өткендей, азық-түлік тауарларының бағасы инфляцияның өсуіне көп үлес қоса отырып, ағымдағы жылғы наурызда жылдық өлшемде 6,7 пайызға өсті. Осындай серпіннің себебі, Досаевтың айтунша, ұсыныс факторлары - негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің, сондай-ақ импорттық өнімнің қымбаттауы болды. "Инфляцияның төмендеуі көбінесе ақылы қызметтердің баға серпініне негізделді. Бағалардың және олар бойынша тарифтердің жылдық өсімі 1,2 пайызға дейін баяулады, бұл осы құрауыштың тарихи ең төменгі мәні болып табылады. Қызметтер тарифтерінің төмендеу процесі елдің барлық өңірлерінде іс жүзінде аяқталғанын және одан әрі, бұл фактордың инфляцияның серпініне әсері төмендейтіні күтілетінін атап өтемін", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ол ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейінің ағымдағы мәндеріне қатысты 5-5,3%-ға дейін біршама жоғарылауы күтілуде, ол халық кірісінің экономиканың бюджет, сол сияқты жеке секторларында да өсуін ынталандыру аясында 4-6 пайыздық нысаналы бағдарда қалыптасады деп қосты. "Біздің бағамыз бюджеттің әлеуметтік шығысының өсуі ағымдағы жылы инфляцияның қосымша өсуінің 0,2-0,3 пайызын құрайтынын көрсетіп отыр", - деді ол. Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Қазақстан Ұлттық банкінің шешіміне ықпал еткен факторлар туралы айтып берді. Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының хабарлағанындай, біріншіден, ағымдағы жылы халықтың инфляциялық күтулерінің төмендеуіне үрдіс жалғасып отыр. "Негізгі фактор нақты жылдық инфляцияның бәсеңдеуі және теңгенің айырбастау бағамының тұрақтануы болды. Сауалнама нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың ақпанымен салыстырғанда наурызда келесі 12 ай ішінде бағалар осылай жылдам өседі немесе бұдан да жылдам өседі деп санайтын респонденттердің үлесі 58,3 пайызға дейін төмендеді", - деді Досаев.

Ол бір жылдан кейін күтілетін инфляцияның сандық бағалауы жылдық инфляция деңгейінен төмен сақталып, 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша жылдың басынан бері 5 пайызға төмендеп, 4,5 пайыз болды. "Екіншіден, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың кеңеюі. 2019 жылғы қаңтар-ақпанда халықтың нақты кірісі жылдық көрсетуде 9,4 пайызға өсті. Халықтың сұранысы банк секторының тұтынушылық кредиттері портфелінің өсуімен (ақпанда жылдық көрсетуде 13,5 пайызға ынталандырылады. 2019 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға инвестицияның өсуі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,0 пайыз болды", - деді Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы. Үшіншіден, Ерболат Досаев түсіндіргеніндей, іскерлік белсенділік өсуінің жалғасуы, бұл экономикадағы сұраныстың баға көрсеткіштеріне әсерін шектей отырып, оған қатысты сұраныстың кеңеюін жоққа шығарады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 4,2 пайыз болды. Ұлттық Банктің басшысы шикізат нарығындағы жоғары бағалардың арқасында сыртқы секторда қалыпты-оң ая байқалады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының айтуынша, сыртқы монетарлық талаптар тұрақты деңгейде сақталуда. Сонымен, АҚШ ФРЖ және РФ БҚ өздерінің базалық мөлшерлемелерін бұрынғы деңгейде сақтай отырып, оларды өзгерткен жоқ. Досаев Ресейден келетін импорттың 38 пайыз деңгейдегі жоғары үлесі Қазақстанға инфляция импортының негізгі факторы болып отырғанын айтады. "Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан әрі шешім инфляцияның нақты серпіні мен және ағымдағы жылға біздің болжамымыздың, сондай-ақ біздің 2020 жылға күтулеріміздің сәйкес келуіне байланысты қабылданатын болады", - деп түсіндірді Ұлттық банктің төрағасы.

Досаев 2019 жылы 26 наурызда Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойғанын еске салды. "2019-2021 жылдары инфляция дәлізі кейіннен 3-5 пайызға дейін төмендей отырып, 4-6 пайыз деңгейінде сақталады. Базалық мөлшерлеме нақты көрсетуде 3-3,5 пайыздан төмен емес деңгейде қолдау табады", - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы қолданыстағы ақша-несие талаптары бейтарап деңгейде қалуда екенін атап өтті. Жуырдағы екі жылда бұл экономиканы салқындату тәуекелдерін тартуы мүмкін қатаң шараларды қабылдауды болдырмауға мүмкіндік береді және экономикалық өсу қарқындарын қолдауға барынша ықпал ететін болады.

"Біз базалық мөлшерлеменің кредиттеуге оң ықпалын байқап отырмыз. Өткен жылдың басынан бастап базалық мөлшерлеменің 10,25 пайыздан 9,25 пайызға дейін төмендеуі банк секторындағы қарыз алу мөлшерлемелерін төмендетуге ықпал етті", - деді Ерболат Досаев. Кәсіпорындарға берілетін теңгедегі кредиттер бойынша мөлшерлеме 2019 жылғы ақпанда 12,4 пайыз деңгейінде қалыптасты, ал қысқа мерзімді кредиттер 12,1 пайызбен, ұзақ мерзімді кредиттер 13,5 пайызбен берілді. "Жеке тұлғаларға теңгедегі қарыздар бойынша мөлшерлемелер соңғы жылы 19,4 пайыздан 18,2 пайызға дейін төмендеді", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Досаевтың айтуынша, өткен жылы және ағымдағы жылы банктердің баланстарын тазартумен қатар қорландыру құнының төмендеуі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жыл басынан бастап жаңа кредиттерді берудің 11,2 пайызға немесе 1,9 триллион теңгеге ұлғаюына мүмкіндік берді. Биыл 11 сәуірде Маңғыстау облысына сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банкке кредиттеу мөлшерлемесін одан әрі төмендету және экономиканы қаржыландыру көлемін ұлғайту тетіктерін пысықтауды тапсырды. "Аталған тапсырма аясында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімі банктер тартатын қаражат құнын төмендетуге және соның салдарынан соңғы қарыз алушылар үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыруға оң әсер етеді", - деді Е. Досаев. Базалық мөлшерлеме жөніндегі кезекті шешім 2019 жылғы 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 17:00-де жарияланатын болады.


tengrinews.kz

Толығырақ ...

Шымкентте денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

  • Бөлім:  Саясат

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Асхан Мархабайұлы Байдувалиев тағайындалды. Бүгін жаңа басқарма басшысын таныстырған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов біліктілігі жоғары және медицина ғылымының кандидаты Асхан Мархабайұлына алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Толығырақ ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен қандай келісімге келді

  • Бөлім:  Саясат

Ақорда сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапар аясында қандай құжаттарға қол қойылғаны жарияланды.

Толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кеңейтілген құрамда кездесті

  • Бөлім:  Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарының дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Толығырақ ...

Министр мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

  • Бөлім:  Қоғам

1 маусымда білім саласындағы мамандардың жалақысы өседі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" бастамасын іске асыру аясында білім беру жүйесін дамыту туралы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу