logo

Items filtered by date: Жұма, 12 Сәуір 2019 - BLOGNEWS.KZ

Жылдың үздік фотосуреттері жарияланды

  • Бөлім:  Қоғам

Фотожурналистер арасында өтетін World Press Photo халықаралық байқауының жеңімпаздары белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі жүлденің сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың басты жүлдесін америкалық фотограф Джон Мур еншіледі. Ол АҚШ шекарашылары кішкентай қызының көзінше гондурастық әйелді тінтіп жатқан кезін суретке түсіріп алған. Әйел өзінің қызымен бірге "мигранттар керуені" құрамымен елге кірмек болған.

6908d22a348eae243e5b0ec43bed4b62

Ресейлік Диана Маркосянның "Кубанита" атты жұмысы "Заманауи мәселелер" категориясында жеңіске жетті. Фотосуретте Пура есімде 15 жастағы қыз бейнеленген. Суретте ол қызғылт көйлек киіп, Гавана аудандарының бірінде автокөлік үстінде кетіп бара жатыр, ал қала тұрғындары оның туған күніне дайындық үстінде. Латын мәдениеті бойынша қыз 15 жасқа толған кезде әйелге айналады.


tengrinews.kz

Толығырақ ...

Шымкентте кішкентай қыз у ішіп қойған: Дәрігерлер оны құтқарып қалды

  • Бөлім:  Қоғам

Шымкенттік дәрігерлер сүйел кетіретін "Чистотел" дәрісінен уланған өзбекстандық қыз баланың өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ол ауыр жағдайда Гипербариялық оттектеу орталығына жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жіберілген. Дәрігерлердің айтуынша, улы сұйықтық баланың аузын күйдіріп жіберген. Қазір қыз баланың жағдайы жақсарған, ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. "Қазір уланған бала анасымен бірге ауруханада ем алып жатыр.

Өзбекстанның кішкентай тұрғыны Шымкентке ата-анасымен бірге қонаққа келген", - дейді ведомствода. "Дәріханада папилломаны кетіру үшін "Чистотетел" сұйықтығын сатып алғанбыз. Балам ойнап отырып, байқамай оны ішіп қойған. Қызымның жағдайын көріп, бірден жедел жәрдем шақырдым", - дейді баланың анасы Сарбиназ Аронова. Қазір аузы күйген бала өзі тамақтана алатын жағдайда. Дәрігерлер кішкентай пациенттің жағдайын бақылау үшін әлі тексеріп жатыр.

tengrinews.kz

Толығырақ ...

Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында халықпен кездесу барысында шетелдегі қандастарға қатысты пікір білдірді. Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. "Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру - біздің қасиетті парызымыз", - деп келтіреді Мемлекет басшысының сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.


tengrinews.kz

Толығырақ ...

Қызылорда облысына жаңа прокурор тағайындалды

Нұрлан Бижанов Қызылорда облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Бижанов Нұрлан Дәуренұлы Қызылорда облысының прокуроры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Толығырақ ...

Оралда үшем дүниеге келді

  • Бөлім:  Қоғам

3 сәуірде Оралдың облыстық периниталдық орталығында үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды "Мой Город".  Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкерлерінің сөзінше, дүниге келген үш сәби мен анасының жағдайы жақсы. Үшемді дүниеге әкелген ана журналистерге пікір білдіргісі келмейтінін айтты. Олар емханадан келесі аптада шығады. 


tengrinews.kz

Толығырақ ...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды

Сапар барысында Мемлекет басшысына Ақтау теңіз портының қазіргі жұмыстары, Каспий теңізі арқылы өтетін жүк тасымалын арттырудың перспективалары, сондай-ақ Ақтау қаласындағы шипажай аймағының инфрақұрылымын дамыту жөнінде мәлімет берілді.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу